Қазақстан Президенті Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің басшысын қабылдады

Қазақстан Президенті Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің басшысын қабылдады

Қазақстан ұшу қауіпсіздігіне бақылауды айтарлықтай күшейтті. Республика өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитано елімізді саладағы жетістіктерімен құттықтады. Ол Қазақстанда авиация қарқынды дамып, орнықты өсім көрсетіп отырғанына және нақты құрылымы жасақталғанына назар аударды. Елімізде халықаралық әуе тасымалдарының географиясы кеңейіп келеді. Қазақстан әлемнің 30-дан астам елімен тікелей әуе қатынасын жолға қойды. Нью-Йорк, Токио және Сингапур қалаларына рейстер ашу мәселесі пысықталып жатыр. Республика ірі авиахабқа айналуға ұмтылады. Ол үшін бірқатар нақты қадам жасалуда. Былтыр Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жаңа терминалдар пайдалануға берілді. Соның ішінде Алматы әуежайының өткізу қабілеті алты есе, яғни, жылына 2,5 млн-нан 14 млн жолаушыға дейін ұлғайды.

Тараптар Қазақстан мен ICAO арасында қол қойылатын азаматтық авиация бас жоспарының маңызына тоқталды. Құжат саланы ұзақмерзімді дамыту стратегиясы ретінде қарастырылады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға қосқан үлесі үшін Сальваторе Шаккитаноны I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?