Үкіметте елге инвестиция тарту жоспары қаралды

Үкіметте елге инвестиция тарту жоспары қаралды

Қазақстанда биыл жалпы құны 1 млрд доллардан асатын 22 инвестициялық жоба іске қосылды. Бұл қатарда Алматы облысында вольфрам кендерін өңдеу және Алматы қаласында ісікке қарсы бірегей препараттар өндірісі бар. Бұған қоса тағы 7 жоба бойынша ортақ сомасы екі жарым млрд долларды құраған инвестициялық келісімдерге қол қойылды. Оның ішінде Жамбыл өңірінде 1 ГВт жылу электр станциясын, Алматы аймағында сүт өнімдерін өндіру және Шымкент қаласында жылыжай кешенін салу көзделіп отыр. «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының басшысы үкіметте бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар және ел экономикасына одан әрі қаржы тарту жоспарымен бөлісті. Ержан Елекеев әлеуетті салаларға инвестиция тартудың мақсатты жаңа тәсілі енгізілгенін жеткізді. Астықты терең өңдеу, көмір химиясы, мұнай химиясы және мұнай-газ жабдықтарын өндіру секілді 4 бағыт анықталды. Алдағы үш жылда бірқатар компаниялармен бірлесіп, Қазақстан аумағында ірі жобаларды жүзеге асыру үшін 10 млрд доллар қаржы бағыттау жоспарланған.

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?