Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасының президенті Анджей Дуданы елдің Тәуелсіздік
күнімен құттықтап, жеделхат жолдады. Мемлекет басшысы Қазақстан-Польша
қарым-қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара ықпалдастық
екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.