Қазақстанның
физикадан ұлттық құрамасы Колумбиядан оралды. Естеріңізге сала кетейік, балалар
Халықаралық олимпиадада бес алтын медаль жеңіп алып, тарихи рекорд орнатты.
Астана мен Алматының оқушылары, әлемнің 85 елінен келген 380-нен астам қатысушы арасынан топ жарған.
Нұргүл
Егенбергенова, физикадан 56-Халықаралық олимпиаданың жеңімпазы:
- Өзіме мақсат қойғанымын, келесі жылы бағымды сынап,
алтын жеңіп аламын деп. Сол халықаралық
физика олимпиадасында алтын алған алғашқы қазақ қызы ретінде, мен болашақта
қазақ қыздарының осындай халықаралық сайыстарда алтын жүлде алуы қалыпты
жағдайға айналғанын қалаймын, соған сенемін.
Беделді
халықаралық турнирге ұлттық құраманы тәжірибелі
тәлімгерлер мен өткен жылдардың жеңімпаздары дайындады. Ал
оқушылардың өздері күн сайын бірнеше сағат бойы күрделі міндеттерді шешіп,
дағдыларын жетілдірген.
Әлішер
Еркебаев, Қазақстан құрамасының жетекшісі:
- Олимпиада
тапсырмаларының тақырыптары өте
заманауи мәселелерге бағытталып құрастырылады.
Мысалы, Нобель сыйлығын алған жаңалықтарды зерттеу нысаны етіп таңдайды. Балалар нақты сол тапсырма аясында өздері игерген білімді қалай пайдалануға
болатыны туралы шешім қабылдауы тиіс.
Қазақстандық
құраманың тарихи жетістігін салалық ведомство жоғары бағалады.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Бұл
Мемлекет басшысы жүргізіп отырған реформаның үлкен нәтижесі. 2020
жылдан бастап халықаралық олимпиадаларға қатысып, нәтиже көрсетіп жүрген
балаларымызға 2 миллионнан 6 миллионға дейін бір реттік сыйақы беріледі.
Мұндай балалар үшін университеттерге конкурссыз түсу мүмкіндігі ұсынылған.

