Қазақстан мен Қытай жасыл кооперацияны күшейтуге ниетті

Қазақстан мен Қытай жасыл кооперацияны күшейтуге ниетті

Қазақстан мен Қытай жасыл технологиялар және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты арттыруға ниетті. Отандық бизнес соңғы жылдары ESG тұжырымдамасын іс басқаруға белсенді енгізуде, 100-ге жуық қазақстандық компания өз кәсіпорындарының экологияға, әлеуметтік өмірге әсерін және басқару тәсілінің ашықтығын талдайтын қаржылық емес есептілік жүйесін қалыптастыруда. Мұндай «жасыл» трансформацияға халықаралық ынтымақтастық ерекше ықпал тигізген. Мәселен, Қытай төмен көміртекті даму, жасыл қаржыландыру және цифрландыру саласындағы технологияларымен, сондай-ақ жинақталған тәжірибесімен бөлісуге дайын. Бұл мәселелер Астанадағы халықаралық семинарда талқыланды, онда алғаш рет Орталық Азияның үздік ESG-тәжірибелерінің мысалдары талқыланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жүйе бизнес үшін тәпрактикалық басшылыққа айналады және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Юлия Якупбаева, «Атамекен» ҰКП жанындағы Тұрақты даму және ESG кеңесінің төрағасы:

- Біз от жану қозғалтқышының орнына электр қозғалтқыштары келгенін көріп отырмыз, энергетикада жалпы барлық секторларда түбегейлі өзгерістер болып жатыр, әрине, Қытаймен және басқа да тұрақты даму саласындағы озық елдермен өзара іс-қимыл арқылы біз осы жаңа технологияларды еркін игере аламыз. Біз Смарт пластик аймақтары, Смарт Вота аймақтары жобасын іске асырудамыз, пластик ізін қысқарту, су шығынын азайту бойынша жұмыс атқарылуда, компаниялар осы бағыттағы өз тәжірибелерімен бөлісіп жатыр.

Чжан Цзяньюй, «Бір белдеу - бір жол» халықаралық жасыл даму коалициясы бас хатшысының орынбасары және даму жөніндегі директоры:

- Қазақстан бүгінде - қарқынды дамып келе жатқан экономиканың бірі. Менің ойымша, бұл даму жолына Қытай айтарлықтай үлес қоса алады - жинақталған тәжірибесімен ғана емес, технологиялық тұрғыдан да Қытайдың жылдар бойы жасақтаған дайын шешімдері бар. Ең бастысы, Қытай қаржы жағынан үлес қоса алады, себебі осы елде әлемдегі ең ірі көміртегі нарығы жұмыс істейді. Қытай төмен көміртекті даму саласында қаржы құралдары және басқа да экономикалық тетіктерді пайдалана отырып, Қазақстанмен тығыз ынтымақтастыққа мүдделі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?