Қазақстандық әзірлеушілер Астанада жаңа АІ-шешімдерді ұсынды

Қазақстандық әзірлеушілер Астанада жаңа АІ-шешімдерді  ұсынды

Астанада қазақ тіліндегі жаңа AI-әзірлемелер таныстырылды. Назарбаев Университеті жанындағы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының мамандары оларды дайындау  кезінде отандық пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескерген. Осылайша, жаңа АІ-көмекші мәтінді аударуға және бірден 11 тілде автоматты транскрипция жасауға қабілетті. Келесі өнертабыс зағип және нашар көретін адамдарға кеңістікті бағдарлауға көмектеседі, тағы бір жаңашылдық жергілікті тілдік модель, ол интернетке қосылмастан жұмыс істеуге қабілетті. Басты жаңалықтардың бірі ISSAI Voice Studio платформасы болды. Сервис кейіпкердің дауысын, эмоциясын және сөйлеу стилін сақтап, бейнені автоматты түрде басқа тілге аудара алады. Институт қоржынында барлығы жеті AI-әзірлеме бар.

Амина Байкенова, ISSAI Өнімдер және сыртқы байланыстар жөніндегі директордың орынбасары:

- Біз өз өнімдерімізді  бірінші кезекте қазақстандықтарға арнап жасаймыз. Біз қазақстандықтардың, қазақ тілінің игілігі үшін жұмыс істеуді мақсат тұттық. Оны Digital Word, яғни цифрлық әлемге барынша бейімдеуді көздеп отырмыз. Бізге Сауд Арабиясынан, Әмірліктерден, Орталық Азиядан түрлі ұсыныстар жиі түсіп жатады. Біз үлкен тілдік модель жасап шығардық. Яғни, бізде dataset жасау тәжірибесі бар, ол қолда бар тілдік модельді өзіне ыңғайлы одан да үлкен жүйе жасап алуға үйретеді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?