Қазақстан Ливандағы БҰҰ миссиясына бітімгер әскерилерді жіберді

Қазақстан Ливандағы БҰҰ миссиясына бітімгер әскерилерді жіберді

Қазақстандық әскерилер Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиясының құрамында бітімгерлік қызмет атқару үшін Ливанға келді. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 11 әскери қызметшісі Үндістан әскери контингентінің құрамында қызмет ететін болады. Олар Ливанның оңтүстік бөлігінде атысты тоқтату, жауапкершілік аймағындағы жағдайды бақылау, арнайы көлік және жүк қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, нысандарды күзету, жергілікті билік органдарымен және тұрғындармен байланыс орнату және өңірдегі тұрақтылықты сақтауға жәрдемдесу секілді міндеттерді орындайды. Әскери қызметшілер жан-жақты дайындықтан өтіп, халықаралық гуманитарлық құқық нормалары, тілдік дайындық, бітімгерлік операциялар жағдайындағы іс-қимылдар бойынша практикалық жаттығулардан өткен. Осымен Ливанға Қазақстандық әскери қызметшілердің 11-ші құрамы жіберіліп отыр. Бұған дейін де қазақстандық бітімгерлер миссия қолбасшылығы мен халықаралық серіктестер тарапынан жоғары баға алған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?