Қазақстанның сыртқы теңіз терминалдары бірден бірнеше елде пайда болуы мүмкін. Алғашқысы биыл сәуірде Грузияның Поти қаласында іске қосылады. Оның құрылысын қазақстандық инвестор екі жыл бұрын бастаған. Жобаның жалпы құны 30 млн долларды құрайды. Жаңа отандық терминал жылына 120 мың контейнерді өткізуге қауқары. Поти портыда 20-дан астам айлақтық кран мен 17 шақырымдық теміржол бар. Бұл Қазақстанды Орталық Азиядағы басты транзиттік хабқа айналдыру жолындағы тағы бір маңызды қадам болмақ. Көлік дәлізінің бағыты елімізден бастау алып, Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға, одан әрі Грузия мен Қара теңізге шығады. Ал, кері бағыттағы жүк ағындары Қазақстан арқылы Орталық Азия елдеріне өтеді. Сыртқы терминалдардың қуаты отандық дәліздерге қосымша жүк транзитін тартуға септігін тигізбек.
Жасұлан Керімбаев, ҚР Көлік министрлігі басақармасының басшысы:
- Алдағы уақытта дәл осындай жобаларды Әзербайжандағы Алят портында,
Венгрияда және Румынияның Констанца терминалында жүзеге асыру көзделіп отыр. Қазір
келіссөздер жүргізілуде. Алят портындағы жобаны биыл іске қосамыз. Мақсатымыз
Транскаспий халықаралық көлік дәлізі аясында бастапқы кезеңде жүк өткізу
қабілетін 10 млн тоннаға дейін ұлғайту.

