Қазақстан Президенті Еуропалық одақпен ынтымақтастық басымдықтарын айқындады

Қазақстан Президенті Еуропалық одақпен ынтымақтастық басымдықтарын айқындады

Брюссельге ресми сапары қарсаңында Қазақстан Президенті Euronews басылымында мақала жариялап, Еуро одақпен әріптестіктің жаңа кезеңінің басымдықтарын айқындады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаһандық турбуленттілік жағдайында бұл серіктестік қалыпты арнасынан асып, тұрақтылыққа, екіжақты байланысты кеңейтуге және жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған стратегиялық одақ форматына көшуі тиіс. Мемлекет басшысы негізгі бағыттардың бірі ретінде энергетиканы атады. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа мен Азияны байланыстыратын стратегиялық бағыт - «Орта дәлізді» дамытуға жеке тоқталды. Бұл ретте Қазақстан Президенті қарым-қатынас тек шикізат секторында қалып кетпеуі тиіс екенін атап өтті. Цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, ғылым мен білімге басымдық беріледі. Алмасу бағдарламаларын кеңейту, инвестициялар мен бірлескен инновациялық жобалар серіктестікті анағұрлым практикалық және өзара тиімді етпек. Нәтижесінде қос тараптың өзара іс-қимылы тереңдеп, экономиканың маңызды құрамдас бөлігі - технологиялық байланыстар мен гуманитарлық ынтымақтастық дами түседі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?