Қазақстан Президенті Мәжіліс төрағасын қабылдады

Қазақстан Президенті Мәжіліс төрағасын қабылдады

Қазақстан Президенті Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша Палатаның атқарған қызметі туралы мәлімет берілді. Мәжіліс Спикерінің айтуынша, Парламент жаңа Ата заңның нормаларын іске асыруға жол ашатын жеті конституциялық заңды сапалы әрі уақтылы қабылдады. Соның ішінде Президент туралы, Құрылтай туралы, Қазақстан Халық Кеңесі туралы, астанасының мәртебесі туралы, Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы және басқа да заңдар бар. Аталған жұмыс қоғам өкілдерінің және сарапшылардың қатысуымен ашық жүргізілді. Жалпы, Мәжіліс сессиясы басталғаннан бері 89 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. Олардың арасында Құрылыс, Цифрлық кодекстер, жасанды интеллект, банк және банк қызметі және басқа да заңдар бар. Қазір депутаттардың қарауында 80 заң жобасы жатыр. Ерлан Қошановтың айтуынша, Мәжіліс сессия соңына дейін Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есебін тыңдауды жоспарлап отыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?