Германияда «үлкен жетілік» саммиті өтіп жатыр. Оған қатысушы елдердің басшылары, сондай-ақ, ЕуроОдақ басшылығы қатысуда. Самитте бірнеше тақырыптар пысықталмақ. Әсіресе, энергия мен азық-түлік бағасының өсуі, әлемдегі аштық қаупі, климаттың өзгеруі, Украинадағы қарулы-қақтығыс жан-жақты талқыға салынады.
Олаф Шольц Германия канцлері:
– Үлкен жетілік елдері экономиканың құлдырауы, инфляцияның шарықтауы, шикізат тапшылығы мен жаһандық логистиканың бұзылуы сияқты сан-түрлі мәселелердің ушыққанына алаңдайды. Проблемаларды шешу үшін нақты шаралар қабылданатынына сенімдімін.
Сондай-ақ, G7 елдерінің көшбасшылары дамушы елдерде жоғары сапалы және тұрақты инфрақұрылым құру үшін бес жылдық инвестициялық бағдарламаны іске қосуға келісті. Осы мақсатта 600 миллиард доллар бөлу жоспарлануда. Құрама Штаттар қажетті шығындардың үштен бірін өз мойнына алуға уәде берді.
Джо Байден, АҚШ президенті:
– Жаһандық инфрақұрылым мен инвестицияның дамуына арналған бағдарламаны іске қостық. Қазірдің өзінде әлем бойынша ондаған ірі жобамыз бар. Оған АҚШ алдығы 5 жыл ішінде 200 млрд доллар қаржы бөледі. Бұл көмек немесе қайырымдылық әрекет емес. Бұл барлық тарапқа пайда әкелетін инвестиция.