Президент
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты
қабылдады. Мемлекет
басшысына комиссия қызметінің басты бағыттары және Қазақстанның 2026 жылы
Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы барысында іске асырылатын
жобалар жайында баяндалды. Президентке
одақ аясында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөніндегі Бірлескен
мәлімдемені әзірлеу жұмысының аяқталғаны айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 28-29
мамыр күндері Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті
отырысына және V Еуразиялық экономикалық форумға дайындық туралы ақпарат
берілді.

