Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету
тақырыбына арналған «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты. Қазақстан Президентінің
пайымынша, ешқандай ел қазіргі cын-қатерлерді жалғыз өзі еңсере алмайды. Мұндай
қиын кезеңде Шанхай ынтымақтастық Ұйымы жаһандық диалогты күшейтуге бағытталған
стратегиялық шешімдер әзірлеуі керек. Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігерді
жұмылдыру арқылы қарулы қақтығыстардың ушығуына жол берілмейтініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, ол өз сөзінде БҰҰ-ның басты органы – Қауіпсіздік Кеңесін
реформалайтын уақыт келгенін айтты. Сондай-ақ, Президент экологиялық мәселелерге
айрықша назар аударды. Бұл орайда Каспий теңізінің мүшкіл хәлін жеткізді.
Жағдай экологиялық апатқа ұласуы мүмкін. Аталған проблема ШЫҰ аясындағы
ұзақмерзімді консультацияның басым бағытына айналғаны жөн екенін айтты. Сондай-ақ,
Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммит келесі жылы сәуір айында
Астанада БҰҰ бірлесіп өткізілетіні туралы мәлімдеді.

