Президент елімізде жан-жақты саяси жаңғыру процесі жүріп жатқанын атап өтті. Соның ішінде алда өтетін сайлауға айрықша тоқталып, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы – билік институттарын жаңарту жұмысының қорытынды кезеңі екенін жеткізді. Осылайша, билік жан-жақты реформаларды жалғастыру үшін жаңа сенім мандатына ие болады деді президент. Халықтың тұрмыс сапасын арттыру Үкімет пен облыс әкімдерінің ең басты міндеттерінің бірі. Сондай-ақ этносаралық келісімді нығайту – еліміздің тұрақты дамуының негізі болып қала бермек. Ел бірлігі – реформаларды табысты жүзеге асырудың басты кепілі деген Президент Мемлекетті жан-жақты жаңғыртуға қатысты жұмыс болашақта жалғасын табатынын жеткізді. Бұл бағыттағы тың бастамаларды Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудан кейін жария етпек.