Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентін Газа секторындағы көптен күткен
бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады.
Қазақстан Президенті Дональд Трамп саяси ерік-жігерінің
мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы
ұмтылысын толық таныта білді деп санайды.

