Қазақстан мен Қытай медиа саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Қытай медиа саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан елордасында қытайлық CGTN телеарнасының жетекші мамандары тренингтер мен шеберлік сыныптарын бастады. «CMG Media Week 2026» Мақсұт Нәрікбаев Университетінің Халықаралық журналистика мектебінде өтуде. Бұл алаңында қазақстандық және қытайлық медиа сарапшылар біріккен. Студенттер халықаралық ортада журналистік дағдыларды дамытуға бағытталған мультимедиялық контентпен танысты. Бұдан бөлек, олар нақты кейстермен жұмыс істеу, өздерін қызықтыратын сұрақтар қою және өз жобаларын дайындау мүмкіндігіне ие болады. Іс-шараны меморандум аясында Қазақстан Президентінің Телерадиокешені China Media Group медиахолдингімен бірлесіп ұйымдастырды. Құжатқа өткен жылдың маусым айында ҚХР Төрағасының біздің елімізге сапары кезінде қол қойылған болатын.


Юнфей Джао, CGTN репортері:


- CGTN жаңалықтар журналистикасы мен деректі кинодан бастап репортаждар мен авторлық материалдарға дейін түрлі салаларда жоғары кәсіби деңгейге ие. Біз бұл тәжірибемізбен Қазақстан студенттерімен бөлісеміз, оның үстіне біздің елдеріміз жақын серіктес. Бұл ынтымақтастыққа үлкен мән беріп отырмыз.


Қытайлық сарапшылар Қазақстанда, жасанды интеллект енгізудің жоғары деңгейін, соның ішінде телевизия саласын атап өтті. Репортер Юнфей Джаоның айтуынша, AI Аспан асты медиаиндустриясында жаңалықтар және бағдарламалар өндірісінде белсенді қолданылады. Оның жоғары тиімділігі мен дәлдігінің жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан. Алайда, қытайлық маман AI пайдалануда тепе-теңдікті сақтаудың маңызын атап өтті.


Юнфей Джао, CGTN репортері:

- Біз жасанды интеллект журналистика принциптеріне қайшы келеді деп есептемейміз. Ол шынымен де белгілі бір мәселелер тудыруы мүмкін, екінші жағынан - жаңа перспективалар ашады және жұмыс тиімділігін арттырады. Мысалы, бұрын зерттеу жүргізу көп уақыт алатын. Бүгінде AI көмегімен бұл процесті едәуір жылдамдатуға, қажетті ақпарат пен контентті тез табуға болады. Бұл адамдарға жылдам әрі тиімді ақпарат алуға көмектеседі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?