Қазақстан Парламенті Кипрмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Қазақстан Парламенті Кипрмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Сондай-ақ Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Кипр Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен кездесті. Парламент Сенатының Төрағасы Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктестерінің бірі болып табылатын елдің жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мәселелеріне тоқталды. Әсіресе екі елдің парламентаралық қарым-қатынасын одан әрі жандандырудың маңызды екеніне де баса мән берілді. Мәулен Әшімбаев біздің Парламенттің екі Палатасында да Кипрдің заң шығарушы органымен достық топтары жұмыс істейтінін, сол топтардың әлеуетін тиімді пайдалану маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ Сенат Спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік жаңғырулардың нәтижелеріне тоқталып, жаңа экономикалық үлгіге көшу жолында қолға алынған шаралар туралы да айтты. Кипр сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістерді жоғары бағалап, өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін білдірді.