Еуразиялық экономикалық одақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұдан былай осының қамында одаққа мүше елдер шұғыл фитосанитариялық шараларды енгізу үшін ұсыныс жасай алады. Бұл карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне кірмейтін зиянды организмдерге қатысты. Сенат осы және өзге де нормалар қамтылған ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы мақұлдады. Құжатта тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ортақ тәсілерін әзірлеу жағы да ескерілген. Сонымен қатар өзара тауар алмасу үшін рұқсат құжаттарын алу рәсімдерін оңтайландыру қарастырылған.
Арман Өтеғұлов, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:
-Ұлттық электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тану нормалары енгізіледі. Бұл электрондық форматта өткізілетін сатып алуларға қатысуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайта түседі және тауар өндірушілеріміздің экспортқа шығу мүмкіндіктері артатын болады.
Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары өзара уақытша тіркеусіз бір айға дейін бола алады.
Сондай-ақ жоғары палата Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы барыс-келісті
жеңілдететін заңды мақұлдады. Осылайша хаттамада азаматтардың екінші тарап аумағында
болуының мерзімі уақытша тіркеусіз 5 күннен 30 күнге дейін ұзарту көзделген.
Сондай-ақ құжатқа сәйкес шекаралық қызмет беретін көші-қон бақылау карточкалары
алынып тасталады.