Астанада «Әділет» партиясының ІІ съезі өтті

Астанада «Әділет» партиясының ІІ съезі өтті

«Әділет» партиясының ІІ съезінде Amanat-тың қосылуы күн тәртібіндегі басты тақырып болды.  Делегаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Қатысушылар елді дамыту, азаматтарды қолдау және оған қажетті реформалар жүргізу саяси ұйымдардың ортақ міндеттері екенін атап өтті. Партия төрағасы Айбек Дәдебай қазір ашық диалог, жауапкершілік пен нақты нәтижелер маңызды екенін мәлімдеді. Партия өкілдері AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне алғыстарын білдірді. «Әділет» партиясы бұл қадам Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құруға және азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған реформаларды жалғастыруға деген қолдауды білдіретінін алға тартады.


Айбек Дәдебай, «Әділет» партиясының төрағасы:


 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған реформалардың және халық қолдаған жаңа Конституциянынң шын мәнінде саяси тірегі ретінде бекіді. Ендігі міндетіміз, партия жақтастыры мен бізді қолдаған әріптестеріміздің бүгінгі шемімдерге дауыс берген делегаттардың сенімін ақтау. Жаңа Коституцияның әрбір қағидасы нақты жүзеге асуы тиіс. Бүгінгі съезден кейін Әділет партиясы мүлдем жаңа сапаға ие болды, жаңа биікке көтерілді.


Съезде сондай-ақ партияның өңірлік филиалдарын құру туралы шешім қабылданды. Делегаттар бөлімшелердің қызметі туралы ережені бекітті. Онда жұмыстың бірыңғай тәртібі, сондай-ақ қоғам алдындағы ашықтық, жауапкершілік және есеп беру қағидаттары бекітілген. Филиалдар желісін дамыту азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға, бастамаларды белсенді ілгерілетуге және ел өңірлерінде партияның қатысуын нығайтуға мүмкіндік береді. Бас қосуда адам капиталын дамуы мәселелері де кеңінен талқыланып, білім сапасын жақсарту, жаңа технологияларды енгізу және азаматтық қоғам институттарын нығайту мәселелері көтерілді. Делегаттар еліміздің тұрақты дамуы білікті мамандар даярлауға және шешім қабылдауға қоғамның белсене қатысуына байланысты екенін атап өтті.


Айбек Дәдебай, «Әділет» партиясының төрағасы:

- Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру жөніндегі бағытын қолдаймыз, Оны мемлекетті ұзақ мерзімді нығайту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру стратегиясы ретінде қарастырамыз. «Әділет» партиясы құрылған кезде біз қарапайым, бірақ принципті идеяға негіз арттық: тұрақты даму әділдік үстемдік құрмайынша мүмкін емес. Әділ ережелер қолданылатын жерде сенім пайда болады. Ал сенім бар жерге инвестиция келеді, яғни кәсіпкерлік дамииды, азаматтық белсенділік артып, қоғамдық ынтымақтастық пен ұлт бірлігі нығаяды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?