Қазақстан Президенті Бас прокуратурада жиын өткізді

Қазақстан Президенті Бас прокуратурада жиын өткізді

Заң мен тәртіп мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаты ретінде қабылдануы керек. Бұл қағидатты жаңа Конституцияға міндетті түрде енгізу қажет. Бұл туралы Қазақстан Президенті Бас прокуратураның кеңесінде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау жүйесін цифрландыру үдерісі біркелкі емес, яғни әр жерде әрқалай жүргізіліп жатқанына назар аударды. Осы орайда Үкіметке қолданыстағы барлық цифрлық шешімдерді саралап, тексеріп, олардың тиімділігін арттыруды және бірыңғай цифрлық экожүйе құруды. тапсырды. Мемлекет басшысы азаматтардың дербес деректерін қорғау үшін бұл жұмыспен жүйелі түрде айналысу керектігін алға тартты. Сонымен қатар, киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажеттігіне тоқталды. Президент көші-қон үдерістерін жаппай цифрландыруды да өте өзекті мәселе ретінде атады. Қазақстан – басқа елдерге өтуге де, тұрақтап қалуға да қолайлы мемлекет. Мемлекет басшысы елге келген шетел азаматтарын уақтылы есепке алу құралдарын жетілдіру – аса маңызды міндет екенін атап өтті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?