Қазақстан ұлттық
бітімгерлік контингентінің кезекті тобын Голан жоталарына жіберді. Олар сол
жақтағы әріптестерін алмастырады. Екінші құрам Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиясы шеңберіндегі
міндеттерін де орындайды. Алматыда 139 отандық әскери қызметкерді салтанатты
шығарып салу рәсімі өтті.
Наргүл Кушер, Медициналық қызметкер:
- Осы күнді өте көп уақыт күттім. 5 жылдай дайындалдым.
Қобылжыймын. Қорқыныштар да болды. Осы Голан жоталарын тезірек барып, өз
дайындығымды тек қана жоғары көрсетіп. Өз еліме мақтанышпен, абыроймен оралуды
өзіме тілеймін.
Қазақстандық бітімгерлер
атысты тоқтату режимін қамтамасыз етеді. Патруль жасайды, блокпостарды
күзетеді, жарылыс қаупі бар заттарды жояды. Сондай-ақ, БҰҰ персоналдарын алып
жүру мен қажет болған жағдайда оларды қауіпсіз жерге көшіру секілді міндеттерді
орындайды.
Уәлихан Бәйкенов, ҚР Қорғаныс министрлігі бітімгерлік
операциялар орталығының бастығы:
- Ол жаққа аттанатын рота - миссия қолбасшылығының резервтегі
ротасы. Олар жағдайға байланысты жүзеге асыруға міндетті тапсырмаларды
орындайды. Бұдан бөлек конвой ретінде жүктелген міндеттері бар. Жүкті бір
жерден бір жерге апаруда қызмет көрсетеді. Медициналық топ бар. Одан кейін
мандатта көрсетілген міндеттерді орындайды.
Айта
кетейік, Қазақстан
ұлттық бітімгерлік контингентінің алғашқы құрамы жүктелген міндеттерді лайықты
деңгейде орындағандары үшін БҰҰ Хатшылығы мен миссия басшылығының жоғары бағасын
алды.

