Қазақстан Президенті асыл тұқымды ақалтекеден туған құлындарға есім берді

Қазақстан Президенті асыл тұқымды ақалтекеден туған құлындарға есім берді

Ат баптау - атадан қалған асыл мұра. Текті Ақалтеке жылқыларының күтімін бақылап, оларға өз қолымен жем берген Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-дағы парақшасында осылай деп жазды. Президент Іс басқармасының ат қорасындағы ерекше тұлпарлар табыны толықты. Мемлекет басшысы жуырда құлындаған екі биенің төлін тамашалап, жаңа туған құлындарға Ақниет және Бөрте деген есім берді. «Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар» деген қазақы тәмсілді келтірген Қасым-Жомарт Тоқаев жас арғымақтарға желмен жарысқан жүйрік болуын тіледі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?