Астанада өтетін «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті ынтымақтастықтың жаңа көкжиегін ашады

Астанада өтетін «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті ынтымақтастықтың жаңа көкжиегін ашады

Қазақстандық сарапшылар 17 маусымда Астанада өтетін «Орталық Азия-Қытай» екінші саммиті аймақ елдері мен Қытай арасында жаңа үлгідегі стратегиялық әріптестіктің негізін қалайды деп отыр. Сонымен қатар, қарым-қатынастың жарқын үлгісі болады. 2024-ші жылы Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық 95 млрд долларға жетті. Оның жартысына жуығы Қазақстанға тиесілі. Сарапшылар бұл оң көрсеткішке алғашқы «Орталық Азия-Қытай» саммитінің тың серпін бергенін айтады. 2023-ші жылы Аспан асты елінде өткен алқалы жиын табысты болды. Онда тек Қазақстан мен Қытай арасында 22 құжатқа қол қойылды. Бірқатар отандық кәсіпкерлердің төл өнімі алып нарыққа шықтыӨзара инвестициялар ағыны күрт өсті. Түрлі салаларда бірлескен өндірістер құрылуда.  

Бауыржан Әукен, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы: 

- Жалпы алдағы саммитте көпжақты байланыстардың ең маңызды тақырыптары қозғалмақ. Ең бастысы ол сауда, логистика, қазіргі таңда өте өзекті болып отырған жасыл экономика салалары, экология, сонымен қатар білім, ғылым, мәдениет, туризм және өзге де бағыттар талқыланады. Бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылмақ. Бұл Орталық Азия аймағының  дамуына бірден-бір серпін бермек және алдағы саммиттің Қазақстанның Астана қаласында өтуі Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?