Қазақстан Президенті Астана қаласындағы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаментінің
жаңа ғимаратын аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің
жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер
таныстырылды. Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс
жұмыстарына оң баға берді.

