Қазақстан қытайлық компаниямен AlemLLM тілдік моделін бірлесіп іске қосады.
Бұл жөнінде Президен Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде Sinovation Ventures және
01ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фу айтты. Кездесу барысында жасанды
интеллект, цифрлық трансформация, венчурлық инвестиция, стартаптар экожүйесінің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаһандық технологиялық серіктестерді тарту
салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

