Қазақстан Президенті Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады. Қасым-Жомарт
Тоқаев пен Гидеон Саар кездесуде түрлі салаларды ықпалдастықты жандандыруға
сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса мән берді. Сыртқы істер
министрі Израильдің Қазақстанмен өзара байланыстарды жаңа әрі сапалы деңгейге
көтеруге мүдделі екенін жеткізіп, еліміздің Ибраһим келісімдеріне қосылуын
көреген шешім деп атады. Сондай-ақ, республикада жүргізіліп жатқан ауқымды
саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға берді.

