Қазақстан Президенті Алматы облысындағы бірқатар нысан қызметімен танысты

Қазақстан Президенті Алматы облысындағы бірқатар нысан қызметімен танысты

Мемлекет басшысының Алматы облысына жұмыс сапары өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралаумен жалғасты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таза әрі пайдалы жапырақты көкөніс түрлерін өсіретін GREEN ЕСО заманауи жылыжай кешенінің қызметімен танысты. Бұл шаруашылықтағы бар үдеріс химиялық өңдеусіз, тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолданбай іске асырылады. Кәсіпорынның өнімдері еліміздің өңірлеріне жеткізіледі. Сондай-ақ Президент «Лукоморье» тұқымбағы – бақ орталығын аралап көрді. Бұл – автоматтандырылған жұмыс арқылы жылына 1,5 миллион түпке дейін ағаш, сәндік бұталар мен гүлдер өсіруге қауқарлы еліміздегі ірі орталық. Оның өнімдері елімізде сұранысқа ие, сонымен қатар Өзбекстан мен Қырғызстанға экспортталады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі бірегей спорт жобасы – «Атлетико де Мадрид Қазақстан» халықаралық деңгейдегі футбол академиясының қызметімен де танысты. Қазір мұнда еліміздің әр түкпірінен келген 116 бала испан әдістемесі бойынша жаттығады. Орталықта жас футболшылардың толыққанды оқу үдерісі мен жеке даярлығына барлық жағдай жасалған. Мемлекет басшысына академияны дамыту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту жоспары көрсетілді. Осы орайда жасанды көгалы бар екі ашық футбол алаңын, 500 орындық жабық манеж салу көзделген. Академия орнын таңдауда балаларды шыңдай түсетін табиғат факторлары ескерілген. Алматы облысының Талғар ауданындағы таудың таза ауасы мен жағымды климат бала ағзасының тез қалпына келуіне септігін тигізеді. Бұдан кейін Қасым-ЖомартТоқаев жабындысы FIFA талаптарына сай келетін футбол алаңын көрді. Президент академия өрендерімен жылы рәуіште әңгімелесті. Кездесуден естелік ретінде футбол добына қолтаңба қалдырды.

 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?