Digital Bridge форумында қазақстандық ғалымдардың АІ-жобалары таныстырылды

Digital Bridge форумында қазақстандық ғалымдардың АІ-жобалары таныстырылды

Қазақстан ЖИ саласында өз технологияларын дамытуда. Астанада Digital Bridge көрмесінде ISSAI - ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының өнімдері таныстырылды. Отандық әзірлемелер толығымен практикалық міндеттерді шешуге көмектеседі. Олардың ішінде - 5 тілде сөйлеуді тану, дыбыстау, аудару және синтездеуге арналған Mangisoz жүйесі бар. Бұл - қазақ, орыс, ағылшын, түрік және қытай тілдері. Осы ретте қосымшаға жүктелетін барлық деректер өңделіп, ел ішінде сақталады. Мұндай тәсіл қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Институт басқа да жобалармен жұмыс істейді. Мақсат - азаматтар мен бизнес үшін сервистерді цифрландыру және жасанды интеллекттің қолданбалы құралдарын дамыту.

Әмина Байкенова, ISSAI өнімдер және сыртқы байланыстар жөніндегі директордың орынбасары:

- Бізде Oylan деген чат бар. Ол GPT-дің қазақ тіліндегі нұсқасы. Мұнда тек қазақстандық деректер қолданылады. Бұл қосымша дәрігердің екінші пікірін алу үшін медициналық мекемелерде пайдаланылуы мүмкін. Ол мәтінді де, бейнені де, аудио жолдарды да түсінеді. Бұл өніміміз одан әрі дамитын болады. Келесі шығарған өніміміз – Beynele. Ол суреттер генераторы. Сонымен қатар жақында біздің тағы бір жобамыз іске қосылды. Tilsync - бұл қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, яғн үш бірдей тілде нақты уақыт режимінде субтитр алу үшін кәдеге жаратуға болатын бірегей қосымша. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?