Қазақстан мен Қырғызстан парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Қырғызстан парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев Қырғыз Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевпен парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту әлеуетін талқылады. Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы өзара сенім мен достыққа негізделген жоғары деңгейдегі диалогтың арқасында екі елдің қарым-қатынасы дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Мемлекеттер басшыларының бастамаларын заңнамалық тұрғыдан қолдаудың маңызына назар аударды. Тараптар Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен V Еуразиялық экономикалық форумның қорытындыларына тоқталды. Экономиканың негізгі салаларын цифрландыруға және жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз енгізуге арналған бірыңғай құқықтық базаны жедел қалыптастыру мәселелері де сөз болды. Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға, оның ішінде конституциялық реформаға тоқталды. Марлен Маматалиев елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларға жоғары баға беріп, парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?