Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Қазпошта Дүниежүзілік пошта одағының рейтингісі бойынша алғаш рет ең үздік 50 оператордың қатарына кірді. Тасымал үдерісін оңтайландыру есебінен пошталық жөнелтілімдердің көлемі өткен жылы 26%-ке өсті. Атап айтқанда, 20 миллион, соның ішінде 9 миллион халықаралық сәлемдеме жеткізілген. Компанияның 2024 жылғы қызметінің қорытындылары туралы Қазақстан Президентіне «Қазпошта» басқарма төрағасы баяндады. Әсел Жанасова соңғы екі жылда «Қазпошта» таза табыс тауып, бюджетке 45 миллиард теңге көлемінде салық төлегенін хабарлады. Сонымен қатар пошталық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Осы мақсатта 50 млн доллар инвестиция тартылды. Бұдан бөлек, халықаралық маркетплейстерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін «Keruen» сервисі дамып келеді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздің ТМД-ға бағытталған көлік-логистика әлеуетін электронды сауда саласында дамыту және цифрлық шешімдер енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Әсел Жанасова, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы:

- Логистикалық транзиттік хаб болу аясында алибабаның еншілес компаниясы Cainiao-мен бірге ТМД-ның 9 мемлекетіне электрондық тауарларды таситын боламыз. Сонымен қатар цифрландырудың барысында Жапон поштасымен және де «Toshiba» компаниясмен бірге біздің қоймалардың ішінде автоматтандыру және роботтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?