Астанада Палаталардың бірлескен отырысында
Қазақстан Парламентінің VIII шақырылымының төртінші сессиясы ашылды. Осылайша,
елімізде жаңа саяси маусым басталды. Демалыстан оралған депутаттар отырыстан
соң БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Олардың айтуынша, өңірлерге барған
соң алдағы жұмыстардың нақты жоспары жасалған. Қазақстандықтардан алынған
барлық сұрақтар жан-жақты пысықталатын болады.
Ольга Перепечина, ҚР Парламенті
Сенатының депутаты:
- Бүгін сессияның
ашылуы біз үшін мереке іспетті. Біз депутаттар Мемлекет басшысының 8 қыркүйекте
болатын Жолдауын асыға күтеміз. Президент Үкімет пен Парламент алдына Мемлекет
басшысының заңнамалық реформаларын жүзеге асыру, сонымен қатар экономикалық
тұрақтылықты, адам құқықтарын қорғауды және қоғамның үйлесімді дамуын
қамтамасыз етуге қатысты жаңа міндеттер қояды.

