Мәжіліс «Пошта туралы» заңға енген түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс «Пошта туралы» заңға енген түзетулерді мақұлдады

Қазақстанда пошта қызметінің ережелері заңнамалық деңгейде жетілдірілмек. Өзгерістер қағаз хаттар жеткізілімдерінің азаюы және Ұлттық почта желiсi операторы қызметтерiнiң жаңа түрлерiнiң пайда болуымен байланысты. Мәжіліс бірінші оқылымда тиісті заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады. Осылайша заман ағымына сай пошта жеткізу тәртібі мен тетіктері өзгереді. Тиісті пин-код немесе QR-код болған кезде оларды үшінші тұлғалар қабылдап алу мүмкіндігі жасалмақ. Бұл оны пошта бөлімшесіне және үйге жеткізуді жеңілдетеді. Сондай-ақ, құжат почта жәшіктерін алмастыратын постаматтар орнатуды қарастырады. Бұған қоса ескірген және талап етілмеген қызметтер алынып тасталады. Айта кетейік, бүгінде Қазпошта қызметін 1800-ден астам бөлімшесі бар ауылдық жерлерде пайдаланады.

Әсел Жанасова, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы:

- Егер былтыр сәлемдемелердің саны 38% артса, осы жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 28% жетті. Ең қызығы тапсырыстардың көбі ауылды аймақтарға түседі. Бүгінде жартысына жуығы елді мекендерге кетеді. Біз жаһандық маркет-плейстермен белсенді жұмыс істеудеміз. Азаматтарымызға оны қалаған жерде сатып алып, дер кезінде жетуін қамтамасыз ету үшін қызметтер сапасын жақсартуға ден қоямыз. Сондай-ақ, осы жылдан бастап ТМД-ның 9 еліне транзиттік тасымал қызметін көрсете бастадық.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?