Қазақстан Қарулы Күштерінде
ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрамның дайындық деңгейі жоғары. Әскери
авиацияның дамуы туралы брифингте Қорғаныс министрлігі Әуе Күштерінің Бас
Қолбасшысы мәлімдеді. Дәурен Қосановтың айтуынша, биыл ұшқыштар 15% біліктілігін
арттырып, ұшу уақытын да ұлғайтты. Бір ұшқыштың орташа көрсеткіштері 40
сағаттан асты. Өз біліктілігін инженерлік-техникалық қызмет мамандары да жетілдіріп
келеді. Оқу-жаттығу жиыны барысында олар, түрлі қару-жарақ пен әскери
техникаларды қолдана отыра жақсы нәтиже көрсетті. Жалпы, әуе қорғанысы күштері
тактикалық және жедел дайындықты пысықтауға арналған 30 шарада өздерінің жоғары
әскери дайындығын көрсетті. Дәурен Қосанов сондай-ақ әуе қорғанысы кешендері
мен ұшақтар паркі қайта қарулану бағдарламасына сәйкес жаңартылып жатқандығын
айтты. Осылайша, Қазақстан қарулы Күштері С-295 әскери-транспорттық ұшақтары, Ми-35
және Ми-171Ш тікұшақтарымен қатар, «Anka» ұшқышсыз ұшу аппараттарымен толықты.
Дәурен Қосанов, ҚР ҚМ Әуе күштерінің
бас қолбасшысы:
-Жыл соңына дейін тағы бір «ТОР-2М»
батареясы келеді деп күтіп отырмыз. Келесі жылдың басында тағы 6 Су-30СМ
ұшақтары келіп қосылады. Қазір ол әлемдегі ең үздік көпфункционалды әскери
ұшақ. Сонымен қатар, «Тор-М2К» зениттік-зымыран кешені мен «А-400М Атлас»
әскери-транспорт ұшағымен толығамыз.