Батырларға тағзым! Қазақстан Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов және Премьер-министр Олжас Бектенов Жеңіс күніне орай Астанадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды. Шараға қатысушылар соғыс жылдарында қаза тапқан қазақстандық майдангерлерді, тыл еңбеккерлерін және соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұл күн бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын, ел тыныштығын сақтау жауапкершілігін жадымызда жаңғыртатын тарихтағы ең атаулы күндердің бірі болып қала бермек.

