Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасымен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.
Президент Жоғары аудиторлық палатаға бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімді және рационалды жұмсалуын қатаң бақылауды қамтамасыз ету міндеті жүктелетінін айтты. Өз кезегінде Әлихан Смайылов ведомствоның осы жылға арналған жоспары мен мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамыту жөнінде баяндады.