Тәжікстан Қазақстанның білім беру саласындағы тәжірибесін зерттейді

Тәжікстан Қазақстанның білім беру саласындағы тәжірибесін зерттейді

Тәжікстан PISA халықаралық рейтингісінің нәтижелеріне сәйкес Қазақстанның озық білім беру тәжірибелерін зерттейді. Естеріңізге сала кетейік, біздің еліміз математика мен жаратылыстану ғылымдарының білім деңгейі бойынша үздік 50 мемлекеттің қатарына енді. Бұл туралы Қазақстанның бірінші вице-министрі мен Тәжікстан Білім және ғылым министрінің орынбасары кездесуінде мәлім болды. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Тәжікстанның білім академиясы арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Жалпы, қос тарап  бірлескен жұмыс көлемін арттырып, бауырлас елдердің білім беру мен мәдениеттердің деңгейін арттыруда тәжірибе алмасуға және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге уағдаласты.