Өткен жылдың өзінде еліміз көршілес Орталық Азия мемлекетіне 745 млн доллардан астам тауар экспорттады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 10,5% артық. Қазақстан Қырғызстанға көлік, көмір, алтын, телефон жеткізген. Өз кезегінде еліміз көрші республикадан 384 млн доллардың өнімін импорттады. Елімізге бағалы металдарға арналған кен және концентраттар, шыны, ұн өнімдері саудаланды.