Қазақстан мен Түркия өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласында ынтымақтасады

Қазақстан мен Түркия өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласында ынтымақтасады

Қазақстан мен Түркия өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласында ынтымақтастық құрмақ.  Мәжіліс тиісті келісімді қабылдап, Сенат қарауына жолдады. Тараптар аталған құжатқа Анкарада 2022 жылдың мамыр айында қол қойған. Елдер фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттердің аумағына карантиндік зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Олардың тізімі мен ұлттық құқықтық актілер сынды ақпаратпен тұрақты негізде алмасу көзделген. Сонымен қатар, өсімдіктер карантині жөніндегі қазақ және түрік ғылыми-зерттеу институттары мен оларды қорғау саласындағы ұйымдар да өзара әріптестік аясын кеңейтпек. Бұдан басқа, аталған келісімде карантинге жатқызылған өнімнің әкелінетін партияларына қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасында жүк транзитінің жаңа шарттары реттеледі.

Ермек Кенжеханұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-миниистрі:

- Үш жыл ішінде Түркияға 700 мың тоннаға жуық өсімдік шаруашылығы өнімі экспортталды, ал импорт 40 мың тоннадан астам түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын және 2,7 млн дана тұқым мен отырғызу материалдарын құрады. Екі ел арасында тасымалданатын карантинге жатқызылған өнім фитосанитариялық карантиндік бақылаудан өтеді. Келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын қабылдау екі елдің өсімдіктер карантині жөніндегі қызметтеріне одан әрі ынтымақтастықты дамытуды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?