2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматының
негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15 процентке өсіп, шамамен 715 млрд
теңгені құрады. Салымдардың басым бөлігі қаражатты өңдеуші өнеркәсіп, көлік, IT-сектор, денсаулық
сақтау саласына бағытталды. Бүгін Мемлекет басшысына Алматының
әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы қала басшысы Ерболат Досаев
баяндады. Оның айтуынша, жыл соңына дейін мегаполис экономикасына 2 трлн теңге
инвестиция тарту күтілуде. Қазақстан Президенті өңдеу өнеркәсібін дамытуға және
Алматы экономикасын әртараптандыру аясында шағын және орта бизнестің үлесін
арттыру есебінен табысты одан әрі ұлғайтуға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.