Сенат Қатармен ынтымақтастық жөнінде екі келісімді мақұлдады

Сенат Қатармен ынтымақтастық жөнінде екі келісімді мақұлдады

Қазақстан мен Қатар елдері қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсететін болады. Ел Сенаты осыған бағытталған ынтымақтастық келісімін мақұлдады. Оның аясында тараптар бір-біріне тергеу, қылмыстық қудалау және сот талқылауларын жүргізуге қатысты қолдау білдіреді. Жалпы былтыр ақпан айында Дохада қол қойылған құжат қос мемлекеттің аумағында орын алған заңсыз әрекеттерді реттеуге қатысты қамтылған шарттарды барынша айқындайды. Яғни, күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлелдеу үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу көзделген. Сонымен қатар, жоғарғы палата Катармен іздеудегі адамдарды ұстап беру туралы тағы бір келісімді құптады.  Депутаттар аталған құжаттарды мақұлдау екі елдің қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқықтық ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға және екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ететінін алға тартады.


Әсет Шындалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Бұл келісімдер халықаралық қатынастардың дамуын ескере отырып, болашаққа жасалған қадам десек болады. Қазақстан мен Қатар арасында орнаған қарым-қатынас түрлі бағытта дамып келеді. Бірқатар бірлескен ірі инвестициялық жобалар бар. Екі елдің алыс-берісі, барыс келісі артты. Екі жақты қатынау өскені әрине жақсы. Алайда, қандай да бір тараптың азаматы қылмыс жасаса, бізде құқықтық құралдардың барлық тетіктері болады. Осы арқылы ол заңбұзушылықты жедел түрде тергеп, кінәлі адамды дереу қылмыстық жауапкершілікке тартатын боламыз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?