Қазақстан мен Таиланд ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті.
Өзара қарым-қатынас әлеуеті Ақордада талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак
Пуангкеткеомен кездесті. Қазақстан – Таиландтың
Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі. Жалпы тауар айналымының 70% біздің
елге тиесілі. Мемлекет басшысы әлеует әлі жеткілікті деп санайтынын
айтты. Бүгінде Қазақстанда 55 таиландтық компания
тіркелген. Президент Таиланд компанияларын еліміздегі инвестициялық
мүмкіндіктерді қарастыруға шақырды. Сихасак Пуангкеткео Қазақстанның
экономикалық жетістіктеріне шынайы тәнті екенін айтып, Таиланд Үкіметі
сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

