Мемлекеттік сектордағы жасанды интеллект қарапайым
тәжірибелік технология емес, нақты практикалық басқару құралына айналды. Ол
мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу, бағалау және оқыту үшін де, мемлекеттік
органдар жұмысының тиімділігін арттыру үшін де белсенді қолданылып отыр.
Қазақстанда мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу толығымен цифрлық форматқа
көшірілді, соның арқасында жұмысқа орналасу уақыты бес есеге қысқарды. 52
мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу бойынша
арнайы оқудан өтті. Бұл мәселелер Астанадағы GovHR халықаралық форумының
негізгі тақырыбына айналды. Қатысушылар өзгерістерге тез бейімделу және
технологиялық ортада жұмыс істей білу дағдылары бірінші орынға шыққанын атап
өтті.
Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
- Біздің негізгі мақсатымыз, цифрлық және жасанды
интеллект заманындағы адам капиталының негізгі көздерін ашу. Сол себепті біз
осы мақсатта адамдардың барлығын қамтып, мемлекеттік қызметшілерге қатысты
емес, сонымен қатар барлық адами ресурстарды дамыту.
Парвиз Хазимов, Мемлекеттік емтихан орталығының құзыретін бағалау бөлімінің басшысы, Әзірбайжан:
- Егер құзыреттілігі, қабілеті бар, бірақ ішкі құндылықтары
жоқ болса, ол адам тиімді мемлекеттік қызметшіге айналмайды. Жасанды интеллект
құралы - бұл жай ғана құрал, бірақ шешім қабылдау, деректі талдау және
моральдық ұстаным, жауапкершілік - әрқашан адамның өз қолында болады.

