Қазақстан азаматтары алдағы Президент сайлауында тіркелген мекенжайы бойынша дауыс бере алмайтынын қазанның 20-сынан кешіктірмей жергілікті атқарушы органға хабарлауы тиіс. Бұл сайлаушының сайлау күні өзіне ыңғайлы учаскеге барып, дауыс беруі үшін тиіс шара. Мұндай құқыққа дауыс беру күні тіркелген жерінде болмайтынын білетін азаматтар, басқа қаладан келгендер, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқитындар, жатақханада тұрмайтын студенттер, вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер ие. Бұл жөнінде ақпаратты тиісті әкімдік сайтынан немесе колл орталықтан білуге болады. Азаматтар өзі туралы деректерді 4 қарашадан бастап тексере алады. Президент сайлауында дауыс беретіндердің тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды.