Қазақстан мен Сауд
Арабиясы мұрағат құжаттарымен алмасады. Елордада қос елдің Ұлттық архивтері өзара
ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Бұл келісім ортақ жобалар мен ғылыми зерттеулердің
жүзеге асуына жол ашады. Тараптар әріптестіктің екі жаққа берер пайдасы мол деп
отыр. Қос мұрағат қорында ислам
өркениетін түгендейтін көне қолжазбалар мен құнды құжаттар сақтаулы. Сауд Арабиясының Король Әбделазиз атындағы ғылыми-зерттеу және архив қоры –
Таяу Шығыс аймағындағы архив ісінің ең беделді мекемелерінің бірі.
Сағила Нұрланова, ҚР Ұлттық архивінің директоры:
- Алдағы уақытта осы меморандумс аясында екі жақты жоспар құрылады. Біз сол
жоспар бойынша тығыз байланыс орнатып, архив
саласында ынтымақтастығымызды нығайту үшік көптеген ортақ жобалар қарастырамыз.
Мәселен біздің Ұлттық архивте 1154-ші жылы араб картографы Әл-Идрисидің салған
картасы бар. Сол карта әлі зерттеуге зәру. Сондықтан араб елінің ғалымдары мен
біздің елдің ғалымдары бірлесіп әлі
талай зерттеу жұмыстарын жүргізеді деп ойлаймын.

