Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімін қабылдады

Алматы қаласының негізгі экономикалық салалары биылғы қаңтар-сәуір айларында айтарлықтай өсім көрсетті. Атап айтқанда, көлік қызметінің көлемі 17 пайыздан жоғары, құрылыс шамамен 6 пайызға жуықтаса, байланыс бағыты 4 пайыздан астамға артқан. Мегаполис экономикасына 360 миллиард теңге жеке инвестиция тартылған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Президентке есебінде баяндады. Сонымен қатар, аталған кезеңде Алматыда жылдық инфляция 9 пайыз аралығында бәсеңдеген. Бұдан бөлек, Президентке Алматының көлік құрылымын қалыптастыру аясында қолға алынған жобалар топтамасының жүзеге асырылу барысы баяндалды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы экономикасын әртараптандыру үшін инвестиция тарту, инфляция мөлшерін одан әрі төмендету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.