Биыл өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға 1 трлн 27 млрд теңге инвестиция тартылды

Биыл өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға 1 трлн 27 млрд теңге инвестиция тартылды

Инвестициялар

Биылғы жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға 1 трлн 27 млрд теңге инвестиция тартылды. Салалар бойынша жеңіл өнеркәсіпте инвестиция тарту 2,5 есеге өсіп, 11 млрд теңгеден асып жығылды. Сондай-ақ жиһаз өндірісінде – 4,5 есе, яғни 14 млрд теңгеге дейін, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде –81 млрд теңгеден аса өсім тіркелді. Бұл туралы Инвестициялық штаб отырысында белгілі болды. Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша қағаз өнімдерін, сусындар мен тамақ өнімдерін шығаратын компаниялар арасында оң динамика байқалады. Жалпы, биыл инвестиция көлемі 1 трлн теңгені құрайтын 170 жобаны іске қосу жоспарланған. Олардың ішіндегі ең ірілері – тұрмыстық техника және арнайы кокс өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ шламдарды қайта өңдейтін кен байыту фабрикасы. Бүгінгі таңда 65 жоба іске қосылды. Олардың жалпы құны 200 млрд теңгеге шақ келді. Сонымен қатар инвесторлар қаржысының жетіспеуіне, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеуіне, жабдықтардың жеткізілмеуіне байланысты өңірлер бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды кейінгі жылдарға шегерді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аталған бағытта үйлестіру жұмыстарын белсенді жүргізуі тиіс екенін айтты. Сондай-ақ, оның айтуынша, инвестиция көлемі артып, нәтижелі жобалардың тиімділігін көріп жатқан өңірлер де бар. Атап айтқанда, бұл - Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстары және Астана қаласы.