Қазақстанда 2029 жылға қарай ЖІӨ-ні екі есеге арттыру
жоспарлануда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мақсатты көрсеткішке қол
жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасады. Инвестициялар ағынын
ынталандыру, еңбек өнімділігін арттыру және экономиканың шикізаттық емес
секторын кеңейту есебінен көрсеткіш ұлғайтылады. Үкіметте Президент
тапсырмаларының орындалу барысы мен жеті айдағы елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуының қорытындылары талқыланды. Қабылданған шаралардың арқасында есепті
кезеңде негізгі капиталға инвестициялардың артқаны айтылды. Елде шикізатты
тереңдетіп өңдеуге және аралас салаларды дамытуға баса назар аудара отырып,
экономиканы әртараптандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде
бірқатар салаларда көрсеткіштер айтарлықтай өсті.
Серік Жұманғарин, Премьер-Министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі:
– Осы жылы қаңтар-шілде қорытындысы бойынша экономикалық
өсім-6,3% процентке жетті.
Нақты сектордағы өсім-8,3 процентті құрады, қызметтер өндірісі-5,2 процентке
өсті. Негізгі драйверлер – көлік-22,5, құрылыс-18,5 және сауда-8,6. Сауда
өнеркәсібіндегі өсу жалғасып, қазір 8,5, өңдеу секторы жанданды, 6,1 процент.

