Еуроодақ Қазақстанда өткен референдум бойынша мәлімдеме жасады. Бесінші маусым күні өткен жалпыұлттық дауыс беру нәтижелерін Еуропалық Одақ назарға алады, делінген хабарламада. Еуроодақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси реформаларды қолдайды. Сондай-ақ, халықпен тікелей консультациялар өткізу және референдум барысын қадағалау үшін Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросын шақыру жөніндегі шешімін құптайды. Қазақстан Еуропалық одақ үшін маңызды әрі құнды әріптес болып қалады. Тараптар кеңейтілген әріптестік туралы келісім аясында ықпалдастықты жалғастыра береді, делінген мәлімдемеде.