Қазақстан мен Ресей өзара әріптестікті тереңдетуге ниетті

Қазақстан мен Ресей өзара әріптестікті тереңдетуге ниетті

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады. Тараптар кездесуде Қазақстан Президентінің Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары аясында қаралатын көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты бағыттарын талқылады. Мемлекет басшысы екіжақты тауар айналымының көлемін таяу арада 30 млрд долларға дейін арттыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілгенін еске салды. Ресей Қазақстан экономикасына қаржы салған жетекші инвесторлардың бірі. Былтыр жалпы инвестиция көлемі 4 млрд долларға жетті. Денис Мантуров ресейлік тараптың екіжақты байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін оны І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?