Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ұлттық жобаны мұқият дайындап, жыл соңына дейін бекітуді тапсырды. Алдағы бес жылға арналған жобада қолданыстағы инфрақұрылымды жаңарту, 6 мың мегаваттан аса электр қуаты генерациясын іске қосу әрі жаңғырту жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Оның құны 10 трлн теңгеден асады. Президентке өңірлік саясатты іске асырудың жаңа тәсілдері туралы мәлімет берілді. Шара облыстар арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған. Енді мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын үйлестіру үшін Үкімет жанынан Өңірлік саясат жобалық кеңсесі құрылады.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

